ҰБТ - "Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі http://92-kazaly.mektebi.kz/ ru ҰБТ - "Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі DataLife Engine Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек http://92-kazaly.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/13-meyrmd-bolsa-zhrek-oryndalar-tlek.html http://92-kazaly.mektebi.kz/otkrytyj-organ/zhemorlya-arsy-kres/13-meyrmd-bolsa-zhrek-oryndalar-tlek.html Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

 

Мақсаты: Жас ұрпақтың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, адамгершілік, ізгілік секілді асыл қасиеттерді дарыту, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

 

Жүргізуші:

Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Адам баласының жан дүниесін жадыратар асыл қасиет - мейірімділікті жастар бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»атты танымдық шараға қош келдіңіздер!

Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаттығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

 


 
]]>

Ән: Сәлем саған, туған ел

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде Өзі келер қасыңа

Елбасы "Болашаққабағдар:руханижаңғыру" мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтқан болатын. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық, -деп бүгінгі шараның құрметті қонақтарымен таныстырып өтейін.

 

1.Орымбас Бағдат Ақжігітқызы – аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі

2.Үмбетов Рүстем – аудандық білім бөлімінің әдіскері

3.Баймаханов Болатбек Құрманбайұлы – ауыл әкімі

4.Абдірахманов Аманқос – «Шындалы қожа» мешітінің имамы

5.Кәдірбаева Жаңыл – ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы

6.Ардагер ұстаздар

Жүргізуші:

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады дейді. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн "кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.
Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» деген екен . Сонымен мейірімділік деген сөзді қалай түсінеміз? 
Бір сәт экранға назар аударайық. Бейнебаян (Мейірімді болуды үйренейік!)

 

Жүргізуші:

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Сондықтан бүгінгі алғашқы сөзді мектебімізде ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек еткен, саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болған, жүрегі мейірім-шапағатқа, жан жылулығына толы ардагер ұстаздарға берсек.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне көмек қолын созу арқылы жақсылыққа қадам бастайды. Бұл туралы Абай атамыздың қара сөздерінде айтылған. Он төртінші қара сөзінде: "Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді" - делінген. Бұл нақылда әр адамның көкірегіндегі бір жапырақ ет өзін ғана емес өзгелер жайын да ойлап жүрсе заман келбеті өзгермес деген ой да жетелейді. Ал, біздің қонақтарымыз бұл жайлы не дейді екен, өздерінен сұрап көрсек.

-Қалай ойлайсыздар, қазіргі таңда «мейірім» сөзінің мәртебесі қаншалықты дәрежеде?

(қонақтарға сөз беру)

Жүргізуші:

Адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес небір құндылықтары бар. Осындай асыл құндылықтар адам баласының тегіне байланысты десек, қателеспейміз. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге деген қызығушылығы артып, көп нәрсені тани бастайды. Жүрген ортасына қарай баланың мінез-құлқы қалыптасып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Адам бойындағы небір сезімдер мен адами қасиеттер нақ осы кезде көрініс табады. Ата-ананың балаға деген көзқарасы , берген тәрбиесі, болашақта баланың бойында қалыптасатын адами қасиеттеріне зор әсерін тигізеді. Жас баланы мейірімділікке, ізгілікке бөлейтін, әрине, ата-ананың жылуы, отбасындағы жайлылық. Сондықтан адам бойындағы барлық адами құндылықтар мен жарқын мінездердің қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбие мен ата-ананың балаға деген көңіліне байланысты екені хақ. Адам бойындағы сондай бір жарқын, ізгіліктің нұры бастау алатын адами құндылықтарының ең көркемі- мейірімділік. Бұл қасиет адам баласын тек жақсы қырынан көрсетіп, адамгершілікке жат қылықтардан аулақтатады. Бірақ өкінішке орай, қазіргі таңда адам баласын ізгілік пен мейірімділіктен гөрі , оған тіпті қарама-қайшы жат қасиет- қатігездік билеуде. Біздіңше, бұл тек әр пенденің жастайында көрген тәрбиесіне ғана емес, оның өсіп-өнген, қоршаған ортасына да тығыз байланысты. Бұл туралы сіздердің көзқарастарыңыз қалай?

Жүргізуші:

Кісіге адамшылық неге керек?

Адамдық – өзге айуаннан артық демек.

Ит талаған төбеттей қалай дейсің,

Аямай әлі келгенін жұтып жемек.

Мейірім – жақсы, залымдық жаман дейсің,

Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп.

Жаны ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай,

Өткен адам – өсіп-өсіп құлаған бір бәйтерек.

Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында басты назарда болып, айтылды. Бүгінгі шарамыздың кейіпкері, «Шапағат» сауықтыру орталығының тәрбиеленушісі Олжас Боташовты әжесімен бірге ортаға шақырсақ.

(Күлпаш апаға сөз беру)

Жүргізуші:«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяу, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізіңізді аямай, қолдан келген жәрдеміңізді ұсынып, аналық пейіліңізді танытқаныңызға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. «Табиғаттағы барлық жылу күннен, өмірдегі барлық жылу – адамнан» — демекші, бір-бірімізге деген қамқорлығымыз бен бауырмалдығымыз шынайы болып, азаймаса екен.

Жүргізуші:

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші мектебімізде бір апта бойы «Мейірімді жүрек» акциясы жүріп жатыр.Оқушылар арасында кішіпейілділік, мейірімділік, достық қасиеттерді жоғары ұстау мақсатында еркін тақырыптар бойынша сурет салу, эссе, өлең жазу байқаулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйла!» тақырыбында акция ұйымдастырылып, кітапхана қорына 50 дана кітап қосылды. Қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп, көмекке зәру адамдарға қол ұшын берген барша аза­мат­тарға алғыс айта отырып, бұл үрдіс әлі де жалғасын табады дегіміз келеді.

Осы акция аясында біздің бүгінгі кешіміздің кейіпкері, Олжасқа мектебіміздің атынан сыйлықтарын ұсынып, жүрекжарды лебізін білдіру үшін мектебіміздің директоры Бақыт Бейбітұлын ортаға шақырамыз.

Ән: Бөбек тілегі

Жүргізуші:

Адамзат мәдениетінің дамуында халық игілігіне қызмет етуде, қазақ зиялыларының да ұрпақ мүддесіне қосқан өз үлесі бар. Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген нақыл бар. Осы орайда өз қаржысымен демеушілік жасап, қазаққа тән жомарттығымен көзге түсіп жүрген ер-азаматтарымызды айта кеткен жөн болар. Ол – ауылымыздың түлегі Самат Ордабай халық игілігіне пайдаланатын, имандылық үйі – мешіт салдырған болатын. Жан-жағына жақсылық жасап, жаралы жандардың жанын жадыратуға себепші бол­ған осындай жандарға не жет­сін?!

Адамзатты адамгершілік тұғырына жетелейтін, адалдыққа, мейірімділікке, парасаттылыққа апаратын жол – имандылық. Міне, осындай қасиеттерді бойына сіңіріп, халықты имандылыққа, сабырлыққа шақыратын адамдардың бірі – «Шындалы қожа» мешітінің имамыАманқос мырзаны ортаға шақырсақ.

-Жалпы бүгінгі тақырыпқа сіздің өзіңіздің пікіріңіз қандай? Қазіргі таңда жастарымыздың бойында мейірім деген нәрсе қалыптасқан ба?

 

Жүргізуші:

Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген. Ендеше бүгінгі тақырыпқа байланысты өзінің лебізін білдіру үшін ортаға ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Жаңыл апайды шақырамыз.

Құрметті Жаңыл апай, жастарға тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге ретінде өзіңіздің өміріңізде орын алған ізгілік, қайырымдылық туралы айтып өтсеңіз.

 

Жүргізуші:

Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иеміз. Және де осындай халқы үшін жақсылығын аямаған мейірімді жандарымыздың әлі де арамызда бар екеніне кәміл сенеміз!

 

Жүргізуші:

«Мейрімділік — жүректен» — дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» — деген. Махаббат барлық адамгершілік бастауы десек, адам жүрегі махаббатқа сүйіспеншілікке толы болса ғана: мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Бар мейрімділік, ізгілік, рақымдылық, имандылық, бауырмалдық, секілді ізгі қасиеттер жұдырықтай жүрегімізден шығуы қажет.

«Өмір-ай» шағын көрініс

Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Бұл тұрғыда ХХІ ғасырдың көзі ашық, көкірегі ояу жастары не айтар екен? (Жоғары сынып оқушыларына сөз беру)

Көрініс: «Жылы сөз»

 

Жүргізуші:Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.

Әр кез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен бүгінгі танымдық шараны қорытындылау үшін аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бағдат Ақжігітқызына сөз кезегін ұсынсақ.

Жүргізуші:
Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ таласты,

Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе

Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың» демес пе

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың емес, мансап қой,

Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой»

Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау,

Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, ойын ойнау»

Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой!

Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой!»

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,

Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым,

Безбеймін мен байлықтан да, баладан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға, үлестіріп алғанда.

Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты.

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты !- деп ақын жырлағандай, бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейіріміміз сарқылмасын! Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып,бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты танымдық шарамызды аяқтай келе, әр отбасыға бақыт, амандық- саулық тілейміз! Қош сау болыңыздар.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

]]>
Kazaly-92 Wed, 13 Dec 2017 01:29:00 +0600
Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектептен түрлі деңгейдегі қашықтық олимпиадалар мен білім сайыстарына қатысқан оқушылар туралы мәлімет. http://92-kazaly.mektebi.kz/pitanie/brokerazhdy-kommissija/11-kletov-atynday-92-orta-mektepten-trl-degeydeg-ashyty-olimpiadalar-men-blm-sayystaryna-atysan-oushylar-turaly-mlmet.html http://92-kazaly.mektebi.kz/pitanie/brokerazhdy-kommissija/11-kletov-atynday-92-orta-mektepten-trl-degeydeg-ashyty-olimpiadalar-men-blm-sayystaryna-atysan-oushylar-turaly-mlmet.html

р/с

Оқушының

аты-жөні

Шараның атауы

Класы

Пәні

Деңгейі

Нәтижесі

Мұғалімі

1

Алданыш Риязат

2016-2017оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиада

10

Құқық

Аудандық

III орын

Мақтау қағазы

Мылтықбаев Н

]]>
Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектептен түрлі деңгейдегі қашықтық олимпиадалар мен білім сайыстарына қатысқан оқушылар туралы мәлімет.

2016-2017 оқу жылы.

р/с

Оқушының

аты-жөні

Шараның атауы

Класы

Пәні

Деңгейі

Нәтижесі

Мұғалімі

1

Алданыш Риязат

2016-2017оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиада

10

Құқық

Аудандық

III орын

Мақтау қағазы

Мылтықбаев Н

2

Аманғалиұлы Ыбырай

2016-2017оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиада

10

Тарих

Аудандық

III орын

Мақтау қағазы

Бекназар Л

3

Сәтбай Гүлсая

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз ел-Мәңгі ел» атты 8-10 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы

9

Қазақ тілі

Аудандық

II орын

Мақтау қағазы

Қанатбай Ж

3

Ізтілеу Бақыт

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз ел-Мәңгі ел» атты 8-10 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ағылшын тілі пәні бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген «Enjoy English» тақырыбындағы сайыста белсене атсалысып, үздік жұмыс көрсеткені үшін

8

Қазақ тілі

Ағылшын

тілі

Аудандық

Аудандық

II орын

Мақтау қағазы

Алғыс хат

Қараманова А

Дәуренбекова А

4

Құрманәлі Сәуле

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған 9-10 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен өткізілген аудандық білім сайысы

9

Химия

Аудандық

III орын

Асан А

5

Құрманәлі Ғазиз

11 сынып оқушылары арасында «Сардар» IVреспубликалық кешенді олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін

11

АӘД

Облыстық

Сертификат

Келман Қ

6

Сәулет Айым

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 3-4 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиада

3

Қазақ тілі

Аудандық

III орын

Мақтау қағазы

Қаржаубай К

7

Сәтбай Гүлсая

«Пушкинские чтения» атты аудандық байқауында белсенді өнер көрсеткені үшін

Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі,аудандық орталық кітапхана және «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқырмандардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілген сайыста «Үлгілі оқырман» номинациясы бойынша

9

9

Орыс тілі

Қазақ тілі

Аудандық

Аудандық

Алғыс хат

Диплом

Кенжалина Л

Қанатбай Ж

8

Серікбай Айжан

КИО

10

Қазақ тілі

Республикалық

I Дәрежелі

Диплом

Қараманова А

9

Мұратбек Аружан

КИО

8

Биология

Республикалық

I Дәрежелі

Диплом

Көрпебаева А

10

Нұртаза Ақарыс

КИО

6

Биология

Республикалық

I Дәрежелі

Диплом

Есбосынова Г

11

Сыдық Ақнұр

КИО

10

География

Республикалық

IIДәрежелі

Диплом

Сәрсенбаева Ж

12

Құлтан Бибарыс

КИО

10

Қазақ тілі

Республикалық

III Дәрежелі

Диплом

Қанатбай Ж

13

Тұрсынбай Айда

«Nalanda 2017» қашықтық онлайн олимпиада

4

Қазақ тілі

Математика

Орыс тілі

Республикалық

Сертификат

I орын

I орын

II орын

Дәуренбекова А

14

Толыбай Ибрагим

«Nalanda 2017» қашықтық онлайн олимпиада

4

Қазақ тілі

Математика

Орыс тілі

Республикалық

Сертификат

I орын

I орын

I орын

Дәуренбекова А

15

Досқожа Бағдат

«Nalanda 2017» қашықтық онлайн олимпиада

4

Қазақ тілі

Математика

Орыс тілі

Республикалық

Сертификат

II орын
I орын
II орын

Дәуренбекова А

16

Сәулет Айым

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

3

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

17

Мұратбек Аружан

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

8

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

18

Серікбай Маржан

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

8

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

19

Сыдық Назерке

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

3

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

20

Сүйеуқұл Ақниет

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

5

Ағылшын тілі

Республикалық

II дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

21

Сәулет Нариман

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

5

Ағылшын тілі

Республикалық

II дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

22

Орда Аружан

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

3

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

23

Қожабаева Назерке

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

3

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

24

Толыбай Ибрагим

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

2

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

25

Қалқабаева Аружан

Бастауыш сынып,ағылшын тілінен өткен ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпазы. NIO.KZ

2

Ағылшын тілі

Республикалық

I дәрежелі

Диплом

Дәуренбекова А

Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектептен түрлі деңгейдегі республикалық, облыстық және аудандық жарыстарға қатысқан оқушылар туралы мәлімет.

2016-2017 оқу жылы.

р/с

Оқушының

аты-жөні

Шараның атауы

Класы

Пәні

Деңгейі

Нәтижесі

Мұғалімі

1

Мектеп командасы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай мектеп оқушыларының аудандық XX спартакиадасында жалпы командалық есепте III орын

10-11

АӘД

Аудандық

III орын

Келман Қ

2

Келдібай Жаңагүл

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының аймақтық іріктеу кезеңі. «Пневматикалық мылтық ату» сайысы.

10

АӘД

Аудандық

I орын

Келман Қ

3

Келдібай Жаңагүл

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының аймақтық іріктеу кезеңі. «АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және толық емес жинақтау» сайысы.

10

АӘД

Аудандық

I орын

Келман Қ

4

Нұрадин Еламан

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының аймақтық іріктеу кезеңі. «Белтемірге тартылу» сайысы

10

АӘД

Аудандық

I орын

Келман Қ

5

Нұрадин Еламан

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының аймақтық іріктеу кезеңі. «АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және толық емес жинақтау» сайысы.

10

АӘД

Аудандық

I орын

Келман Қ

6

Аманкелді Дәулет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы аудандық «Жас мерген-2016» сайысының «Оқжатарды жарақтау» бөлімі.

11

АӘД

Аудандық

II орын

Келман Қ

7

Нұрадин Еламан

Мектеп оқушылары арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген облыстық «Әскерге шақырылушы-2017» жарысының бағдарламасы бойынша «Белтемірге тартылу» сайысында Қазалы ауданы командасының сапында өнер көрсеткен

10

АӘД

Облыстық

I орын

Келман Қ

8

Нұрадин Еламан

«Әскерге шақырылушы-2017» әскери қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген аудандық жарыста «АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және толық емес жинақтау» сайысы.

10

АӘД

Аудандық

III орын

Келман Қ

9

Торыбайұлы Мерей

Бокстан жасөспірімдер арасында өткен Байқоңыр қаласының біріншілігі

8

Бокс

Халықаралық

I орын

Жолбарысов Р

10

Мерген Айбол

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Президенті Ахан Бекежан Аханұлының сыйлығына арналған бокстан 1997-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен жарыс

11

Бокс

Республикалық

II орын

Жолбарысов Р

11

Әділбек Дәлет

Бокстан 2001-2002 ж.т.жасөспірімдер арасында Арал ауданының белгілі азаматы,облыстық мәслихаттың депутаты Тоғыс Жұмашевты еске алуға арналған республикалық турнир. 50кг салмақ

9

Бокс

Республикалық

II орын

Жолбарысов Р

12

Торыбайұлы Мерей

Бокстан 2001-2002 ж.т.жасөспірімдер арасындағы аудан біріншілігі . 44 кг салмақ

8

Бокс

Аудандық

I орын

Жолбарысов Р

13

Темір Күнтуған

Бокстан 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасындағы КСРО-ның спорт шебері Қ.Р-на белгілі бапкер Полатхан Абдухмановты еске алуға арналған Республикалық ашық турнир.

8

Бокс

Республикалық

II орын

Жолбарысов Р

14

Мектеп командасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан ер балалар арасында өткізілген жарыс

Дене шынықтыру

Аудандық

I орын

Мамаев Ж

15

Бекділдә Бексұлтан,Нұртай Нұрбол,Қожбан Мұхасан

Мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық күзгі спартакиадасының бағдарламасына сәйкес волейбол ойыны (ер балалар) бойынша аудан командасының құрамында үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін

10

Дене шынықтыру

Облыстық

III орын

Мамаев М

16

Жамал Ермахан

2003-2004 ж.т.жасөспірімдер арасында волейболдан өткізілген Қ.Р.біріншілігінде III орын алған Қызылорда командасының ойыншысы

8

Дене шынықтыру

Республикалық

III орын

Мамаев М

17

Мектеп командасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушыларының аудандық XX спартакиадасында волейболдан ер балалар арасындағы жарыс

9-10-11

Дене шынықтыру

Аудандық

I орын

Мамаев М

18

Мектеп командасы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығыа орай мектеп оқушыларының аудандық XX спартакиадасында волейболдан қыз балалар арасындағы жарыс

9-10-11

Дене шынықтыру

Аудандық

II орын

Мамаев М

19

Әбілтай Айбек

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығыа орай мектеп оқушыларының аудандық XX спартакиадасында волейболдан жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін

11

Дене шынықтыру

Аудандық

Мақтау қағазы

Мамаев М

20

Асқарқызы Көркем

Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы облыстық жекелей біріншілік «Блиц»

2

Дене шынықтыру

Облыстық

I орын

Шүленбаев С

21

Асқарқызы Көркем

Қазақстан Республикасының жасөспірімдер ұлдар және қыздар арасындағы чемпионатында блиц түрінен 8 жас қыздар арасы

2

Дене шынықтыру

Республикалық

III орын

Шүленбаев С

22

Марат Нұрайдын

Тоғызқұмалақтан ерлер арасында өткен облыстық жекелей Кубок

8

Дене шынықтыру

Облыстық

I орын

Шүленбаев С

23

Мектеп командасы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығыа орай мектеп оқушыларының аудандық XX спартакиадасында тоғызқұмалақтан өткен жарыс

Дене шынықтыру

Аудандық

II орын

Шүленбаев С

24

Тұрлыбек Данияр

Тоғызқұмалақтан ерлер арасында өткен облыстық жекелей Кубок

7

Дене шынықтыру

Облыстық

II орын

Шүленбаев С

25

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тоғызқұмалақтан мектеп оқушыларыны арасында Қазалы аудандының жекелей ашық біріншілігі.

Қызылорда облысы көлемінде «Берік отбасы есірткіден алыс!» ұранымен,оқушы,студенттер арасында есірткіге қарсы фото-жарнама әзірлеу сайысында жігерлік танытқаны үшін

7

7

Дене шынықтыру

Информатика

Аудандық

Облыстық

II орын

Диплом

Шүленбаев С

Меркеева А

26

Мектеп командасы

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні мерекесіне және Қ.Р.Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасында «Отан» қоғамдық бірлестігінің жүлдесі үшін аудандық ашық командылық біріншілікте үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін

7-8-9

Дене шынықтыру

Облыстық

Алғыс хат

Шүленбаев С

27

Тұрлыбек Данияр

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні мерекесіне және Қ.Р.Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасында «Отан» қоғамдық бірлестігінің жүлдесі үшін мектеп оқушылары арасында өткізілген аудандық ашық командалық біріншілік

7

Дене шынықтыру

Аудандық

Арал қаласы

II орын

Мадақтама

Шүленбаев С

28

Марат Нұрайдын

Қазақстан Республикасының т ]]> Kazaly-92 Fri, 01 Sep 2017 00:51:00 +0600