Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалдыбай Бағила Орынбасарқызы » "Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалдыбай Бағила Орынбасарқызы
15
ноябрь
2017

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалдыбай Бағила Орынбасарқызы

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалдыбай Бағила Орынбасарқызы

Қалдыбай Бағила Орынбасарқызы –Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің математика пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 26 жыл. Үздіксіз ізденісі нәтижесінде Қарағанды экономикалық университеті жанында өткізілген «Экономиканың үдемелі индустриалды – инновациалық дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның ролі» атты халықаралық ғылыми - теориялық конференциясында «Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану» тақырыбында материалы жинаққа еніп, Алғыс хатпен марапатталды. Жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының ХІІ Сәтбаев оқулары халықаралық ғылыми конференциясына оқушысы А.Садуакасов қатысып І дәрежелі дипломмен, өзі Алғыс хатпен марапатталды. «Сан ұғымы» тақырыбындағы мақаласы жинаққа (том 5 «Оқушылар») енгізілді.

Орал мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған математика пәні бойынша Х Халықаралық олимпиадасында оқушысы Ы.Аманғалиұлы қатысып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Мұғалімдерге арналған Халықаралық videouroki.net жобасына қатысқаны үшін Алғыс хатпен және «Математика пәні бойынша қашықтықтан оқыту» олимпиадасына 9 сынып оқушысы Ы.Аманғалиұлы қатысып Қатысушы сертификатын иеленді. Мұғалімдер мен балаларға арналған «Рассударики» конкурсында «Кроссворды» номинациясы бойынша ІІІ орын дипломымен марапатталды. Осы жылы Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жетістікке жеткен адамның тарихы» сырттай байқауына оқушысы қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен, өзі Алғыс хатпен марапатталды. Қызылорда облысы ішкі істер департаменті ұйымдастырған «Мен өмірді қалаймын!» шығармашылық сайысына оқушы қатыстырып ІІ орынды дипломмен, өзі Алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы – жаһандану үрдісіндегі бірегей үлгісі» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін Сертификатын иемденіп, «Этносаралық татулық - саяси тұрақтылық кепілі» тақырыбындағы мақаласы жинаққа енді (55-60 бет).

2009 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Ауыл тарихын зерттеп жастарға насихаттау мақсатында мектеп жанынан «Өлкетану» мұражайының ашылуына зор үлесін қосты. ҚР Тұңғыш Президент күніне байланысты ұйымдастырған жоғары деңгейлі жұмыстары үшін мектеп директорының 29 қараша 2013 жыл №58 бұйрығымен «Алғыс» жарияланды. Республикалық «Математика. Информатика. Физика» оқу-әдістемелік журналына «Физикалық мазмұңды есептердің маңызы және оларды шешу әдістемесі» атты мақаласы енгізілген. (№6. 2015ж)

Ұжым мүшелері мен оқушылардың ортақ мүддесін үйлестіре білген шебер ұстаз түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырып, үлгілі жұмыстарын БАҚ беттерінде жариялап отырды. 2013 жылы облыстық «Учитель сыра» газеті, тақырыбы «Здоровый образ жизни», 2014 жылы, «Учитель сыра» тақырыбы «Ғибраты мол кеш». 2014 жылы аудандық «Қазалы» газеті тақырыбы «Отбасы-Отанның ошағы». 2015 жылы аудандық «Қазалы» газеті тақырыбы «Қазақстан-ортақ шаңырақ» 2015 жылы облыстық «Сыр мектебі» , «Учитель сыра» газеттерінде тақырыбы «Үлкендер жолы-ұлылық» және аудандық «Тәуекел туы» газетіне «Шәкірттерін асқақ арманға баулыған шебер ұстаз» мақаласын Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Б. Жақсыбаев жариялады.

2012 жылы Ұстаздар күніне орай өскелең ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу ісіне атсалысып, ұлт болашағын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осы жылы Қарағанды экономикалық университеті жанында өткізілген «Экономиканың үдемелі индустриалды – инновациалық дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның ролі» атты халықаралық ғылыми - теориялық конференциясында «Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану» тақырыбында материалы жинаққа еніп, Алғыс хатпен марапатталды. 2012 жылы жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының ХІІ Сәтбаев оқулары халықаралық ғылыми конференциясына оқушысы А.Садуакасов қатысып І дәрежелі дипломмен, өзі Алғыс хатпен марапатталды. «Сан ұғымы» тақырыбындағы мақаласы жинаққа (том 5 «Оқушылар») енгізілді.

2013 жылы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық білім бөлімі, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президент күніне байланысты жүргізген жоғары деңгейлі жұмыстары үшін мектеп директорының 29 қараша 2013 жыл №58 бұйрығымен «Алғыс» жарияланды. Осы жылы «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында оқушысы Досқожа Әсем ІІІ орын Дипломын иеленді.

2014 жылы «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы Құрмет грамотасын алды. Сонымен қатар Орал мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған

Математика пәні бойынша Х Халықаралық олимпиадасында оқушысы Ы.Аманғалиұлы қатысып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2015 жылы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ұлтымыздың болашақ иесі өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі елеулі еңбегі үшін аудандық білім бөлімі, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды. Осы жылы мұғалімдерге арналған Халықаралық videouroki.net жобасына қатысқаны үшін Алғыс хатпен және «Математика пәні бойынша қашықтықтан оқыту» олимпиадасына

9 сынып оқушысы Ы.Аманғалиұлы қатысып Қатысушы сертификатын иеленді. Мұғалімдер мен балаларға арналған «Рассударики» конкурсында «Кроссворды» номинациясы бойынша ІІІ орын дипломымен марапатталды. Осы жылы Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жетістікке жеткен адамның тарихы» сырттай байқауына оқушысы қатысып ІІІ дәрежелі дипломымен, жетекшісі Алғыс хатпен марапатталды. Қызылорда облысы ішкі істер департаменті жанынан ұйымдастырылған «Мен өмірді қалаймын!» шығармашылық сайысына оқушы қатыстырып ІІ орынды дипломмен, өзі Алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы – жаһандану үрдісіндегі бірегей үлгісі» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін Сертификатын иемденіп, «Этносаралық татулық - саяси тұрақтылық кепілі» тақырыбындағы мақаласы жинаққа енді (55-60 бет).

2012 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басқарушылық қызметінің негіздері» тақырыбындағы курсты (86 сағат) аяқтаған Сертификатын және 2013 жылы Қазақсан Оқу Ассоциациясының «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығына қатысқанын куәландыратын (84 сағат) қатысушы куәлігін алды. 2014 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жанынан «Жаратылыстану – метематикалық бағыттағы сыныптарда математиканы оқытудың мазмұны және ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы курсын аяқтап, (72 сағат) Сертификатын, сонымен қатар «Келешек» психологиялық орталығы жанынан «Діни экстремизм: психологиялық аспектілер» тақырыбындағы семинар-тренингті табысты аяқтағы үшін (8 сағат) Сертификатын алды.

2015 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универстеті жанынан 9-14 ақпанда өткізілген ғылымдарының докторы, профессор П.Б.Сейітқазының «Медиабілімнің заманауи әдістері мен технологиялары» атты қысқа мерзімдік конкурсқа қатысқаны жөнінде (72 сағат) Сертификатын алды.

Мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Енсепбаева Жадыра Әбдірханқызы