Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қараман Айша Төлеуқызы » "Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қараман Айша Төлеуқызы
15
ноябрь
2017

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қараман Айша Төлеуқызы

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қараман Айша Төлеуқызы


Аты-жөні: Қараман Айша Төлеуқызы


Туған жылы: 01.12.1965 ж


Білімі: Жоғары


Бітірген оқу орныМ.Мәметова атындағы педогогикалық колледжі 1987ж, Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты 1992ж

 

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Еңбек өтілі: 30 жыл


Санаты: І санат


Қызметі:

1995-1997 жылдары өз пәні бойынша аудандық пән мұғалімдерінің сайыстарына бірнеше дүркін қатысып, жеңімпаз атанып, білім бөлімі тарапынан марапатталды. 1999 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауында бас жүлде алып, облыстық сайыстың ІІІ орын иегері атанды. Жетістіктері ескеріле келсе, 2000 жылы ауданда «Жыл адамы - 2000» атағын алып, аудан әкімінің марапаты мен заттай сыйлығын иемденді.

2000 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметыне тағайындалып, мектептің ұйымдастырушылық жұмыстарына басшылық жасады.

2006 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне бекітіліп, осы уақытқа дейін мектептің оқу-тәрбие жұмыстарымен айналысып келеді.

2007-2009 жылдар аралығында дайындаған оқушылары бірнеше рет «Сәтбаев оқулары» республикалық ғылыми – практикалық конференциясында және Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген конференцияларда жүлдегер атанып қайтты.

2010 жылы ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбегі ескеріліп, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталып, 2010 жылы екі шәкірті (А.Кәрбозова, Ә.Дабыл) «Алтын белгі» белгісі, бір оқушысы (Ж.Төлеуова) үздік аттестат иегері атануына орай аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сол жылы өз педагогикалық іс тәжірибесін ортаға салу мақсатында республикалық «Білім кілті» журналына «Ескендір» поэмасы тақырыбындағы үлгілі ашық сабағын жариялады.

2011 жылы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының мерекелік құттықтауын алды, оқу жылының қорытындысымен бір оқушысы «Алтын белгі» белгісін қорғап, ҰБТ нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге жетті.

Қарағанды қаласында өткізілген «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жарық көріп, 2012 жылы Қызылорда «Болашақ» университетінің Алғыс хатын алды. Республикалық қашықтық олимпиадаға оқушыларын тыңғылықты даярлау нәтижесінде 2013 жылы ондаған оқушысы жақсы нәтижеге қол жеткізсе, өзі пән мұғалімі ретінде ІІІ орын алып, Дипломмен марапатталды.2012-2013 жылдары «Оқыту үдерісінде ұлттық құндылықтарды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту» және «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан Дамыту» тақырыбындағы білім көтеру курстарынан өтіп, педагогикалық білімін шыңдап отырды.

2014 жылы ҚР Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өтті. «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығының шығарған жинағына «Жаңашыл болу – заман талабы» мақаласы жарияланды. Сол жылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі жемісті еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді.

2016ж «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Сертификат,2017ж куәлік

«Nalanda2017» Сертификат

2017ж Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы Айша Қараман ІІ дәрежелі дипломмен, облыс бойынша

І орын, аудан бойынша І орынмен марапатталды.

Отбасы жағдайы: Отбасылы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, екі немересі бар

Мекен-жайы: Қ.Пірімов ауылы.

Телефон: Сот: 87016970823


Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қараман Айша Төлеуқызы